Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2199 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 23-12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 26.03.2015 № 35-13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облысты қ мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      Д. Сүгірбай Б. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      құрылыс, жолаушылар

      көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасының басшысы

      Р.Т. Байтелиев

      27 наурыз 2014 жыл

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      сәулет және қала құрылысы

      басқармасының басшысы

      Е.Ә. Ахметов

      27 наурыз 2014 жыл

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 22-9 шешімімен бекітілген

Жамбыл облысының елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл облысының елді мекендердегі желектерге күтіп ұстау және қорғау Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10886 болып тіркелген, 2015 жылдың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.

      Ескерту: 1 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облыстық мәслихатының 15.10.2020 № 50-9 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешіміммен.

      2. Жамбыл облысының елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қарамағында жасыл желектері бар Жамбыл облысының аудан, қала әкімдіктеріне және уәкілетті органға жүктеледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) аудандардың елді мекендерінде және қалалардағы жасыл желектердің тізілімі – аудандардың, қалалардың аумағындағы жасыл желектердің көлемі, түрі, түрлік құрамы, туралы мәліметтер тізілімі;

      2) арнайы мамандандырылған ұйым - жарғысында жасыл желектерді күту мен қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың түрі көрсетілген, қажетті барлық материалдық және білікті еңбек ресурстары бар шаруашылық жүргізуші субъект;

      3) бөрікбастарды қалыптастыру - пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу және жасыл желектерді "жасарту";

      4) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - жасыл желектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және бұдан кейін құрылыс салу аймағын ескере отырып ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген аудандардың елді мекендердің, қалалардың шегінде жасыл желектерді орналастыру жоспары;

      5) жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдалануға жататын ағаштарды кесу;

      6) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;

      7) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 гектар аумақта кем дегенде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

      8) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;

      9) жасыл құрылыс - аудандардың елді мекендерінде, қалаларда, өнеркәсіп және басқа да нысандарда жасыл желектер аумағын құру, сақтау және көбейту жөніндегі шаралар жүйесі. Аумағы едәуір учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырманың және және оның негізінде құрастырылған техникалық жобаның негізінде жүргізіледі;

      10) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, бульварлар, суаттар, жағажайлар, зираттар және қала мұқтажын қанағаттандыратын өзге де нысандар (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазалау құрылыстары және басқа да жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;

      11) жасыл желектерді түгендеу - (тал басын санау) жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетілген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ жоспарлы негізде көгалдандырудың әрбір элементін кескіндемелік бейнелеу;

      12) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шіріген, ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзімділігі төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергі келтіретіндерін кесу және ағаш сапасын жақсарту мақсатында ағаштар мен бұталарды кесу;

      13) жасыл желектердің орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының, діңдерде, тамыр жүйесі мен бөрікбасында аурулармен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын анықтау. Егер желектердің кем дегенде 50 пайыздан астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар міндетті түрде санитарлық кесуге жатады;

      14) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы діңдерді қатты қысқарту, ұзарған жерлерін сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;

      15) жасыл желектерді қайта отырғызу - тігінен немесе көлденеңінен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биігірек) жерде топырақ кесектерімен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы 1 сыныптағы топырақ кесектері бар (10 жылға дейін), сирек - жасы 2 сыныпта (жапырақты тұқымдар үшін 11 жылдан 20 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 21 жылдан 40 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;

      16) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;

      17) жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40 пайыздан астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;

      18) жеке тұлғалардың аралас аумақтары (жапсарлас) - қала аумақтарының жалпы пайдаланылатын жерлерімен шектесетін, жасыл желектер өсіп тұрған жеке тұлғаларға тиесілі аумақ учаскесі;

      19) жасыл желектерді сақтау - көріктендіру және құрылыс жұмыстарының ықпалына түсетін жасыл желектің, аса құнды тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді шаралар. Сақтау - құрылыс жүргізу кезінде желектердің бүлінуіне жол бермеу үшін қоршау және басқа да әдістермен жүзеге асырылады;

      20) жасыл желектерді жою - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;

      21) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсімдіктер, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, бульварлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар және тағы басқа орналасатын жер учаскесі;

      22) күтім жасау - өсімдіктің төменгі бөлігі мен топырағына күтім жасау (қоректендіру, суару, қопсыту және тағы басқа);

      23) нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті - кесуге ұсынылған нысанның тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл желектердің сапалық жай-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;

      24) осы ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік және экономикалық жағынан ықпал ету шараларын қолдану;

      25) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары - отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемі, күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескіндемелік сызбасы бар, рұқсат етілген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемін сол деңгейде өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;

      26) санитарлық қырқу - апаттық жағдайда (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, сынған бұтақтарды қырқу;

      27) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;

      28) техникалық қадағалау - жасыл желектерді жасау (өтемдік отырғызуларды қоса кіргізгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгіленген ережелердің, жасыл желектерді отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау (бақылау) жүргізу;

      29) уәкілетті орган - аудандар мен қалалар бюджетінен қаржыландырылатын, қала, аудан әкімдігінің уәкілдігімен жасыл желектерді егу, күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

      30) іріктемелік санитарлық кесу - қураған, солған, желден, қардан құлаған, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу.

      31) Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.

      Ескерту: 3 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 15.10.2020 № 50-9 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Жамбыл облысының аумағындағы барлық жасыл желектер қол сұғылмайтын аудандық және қалалық жасыл қорды құрайды.

      5. Меншік түріне қарамастан барлық азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

      6. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидада белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалау құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және нақты мәліметтер болуы тиіс.

      7. Аудан, қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар қала және аудан дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда бұзуға, құрылыс салуға жатпайды.

      8. Жасыл желектерді лажсыздан бұзуға, кесуге заңда белгіленген тәртіпте, қала мен ауданды дамытуға бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған жер телімдерінде ғана рұқсат етіледі.

      2. Жамбыл облысының елді мекендерінде және қалалардағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі уәкілетті органы рұқсат етуге жататын мәселелер

      9. Уәкілетті орган жасыл желектерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу, пішіндемелік қырқу (жасарту), санитарлық кесу, сүңгегін тазалау бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:

      1) тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады, жасыл желектерді зерттеу кесімі 1 қосымшаға сәйкес толтырылады;

      2) жасыл желектерді санитарлық кесуге, лажысыздан кесуге, қайта отырғызуға рұқсат алу үшін 2 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды;

      3) жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға рұқсат алу үшін 3 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды.

      10. 9-ші тармақтағы талаптар осы қағиданың 29 тармағында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды.

3. Жасыл желектерді есепке алу, қорғау және күту

      11. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алынады. Жасыл желектерді есепке алу 4 қосымшада белгіленген нысанға сәйкес тізілімге енгізіліп, есепке алынатын объект шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

      12. Жасыл желектерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат, белгіленген тәртіппен ресімделген түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының негізінде жасалған жасыл желектердің жоспары (дендрологиялық жоспар) болып табылады.

      Жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізуді арнайы мамандырылған ұйымдардың қатысуымен уәкілетті орган жүзеге асырады.

      13. Аудандардың, қалалардың жасыл желектердің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі:

      1) жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;

      2) жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы аудан, қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;

      3) халықты, жергілікті атқарушы органдарды жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

      14. Жалпы пайдаланудағы жерлерде көгалдандыру 20 пайыздан кемді құрамауы тиіс. Балалар мен жеткіншектер тәрбиеленіп, білім алатын нысандарда осы нысан учаскесін көгалдандыру сол учаскенің жалпы алаңының 30 пайызы және бұдан жоғары көлемде қарастырылады. Аумаққа тікенді бұталарды, ұсақ, улы және жемістері балалардың аллергиясын туғызатын ағаш түрлерін отырғызуға жол берілмейді.

      15. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіру уәкілетті органының рұқсатына сәйкес жүргізілген санитарлық кескендігі, амалсыз кескендігі үшін биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін 2 метрден кем емес (1 немесе 2 сыныптағы сападағы) көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі.

      Көшеттердің тамыр жүйесінен жоғары діңгегінің диаметрі кем дегенде 3 сантиметр (діңгек бөлігінің 1,3 метр биіктікте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу сол жер телімі аумағында (сәулет шарттары ескеріліп) үш есе көлемінде жеке және заңды тұлғалармен жүргізіледі. Санитарлық кесу және жасыл желектерді кесу жүргізілетін аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін арнайы учаскелерді анықтайды. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі өтемдік отырғызуларды тек қана жалпы пайдаланылатын жерлерде жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және көгалдандыруды жүргізу уәкілетті орган жүзеге асырады.

      16. Нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті бойынша 4 және 5 категориядағы апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектерді кесу кезінде заңды және жеке тұлғалар әрбір апатты жағдайдағы жасыл желекті кескені үшін жасыл желек кесілген жерде немесе уәкілетті органы белгілеген учаскеге жасыл желектерді отырғызу ретінде 1 көшет отырғызады.

      16-1. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жасыл желек кесілген жерді қайта қалпына келтіру мақсатында, ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізеді.

      Ескерту: Қағида 16-1 – тармақпен толықтырылды – Жамбыл облыстық мәслихатының 15.10.2020 № 50-9 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы арнайы мамандандырылған ұйым немесе сол аумақтың меншік иесі қамтамасыз етеді.

      18. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 метр қашықтықта өсіп тұрған ағаштың ұшар басы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны, терезені бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу (нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті бойынша 4 және 5 категориясы) ретінде беріледі.

      19. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және т.б.) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) жобалау құжаттарында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру (жобада қарастырылған) жөніндегі, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстарын қаржыландыруды қарастыруы қажет.

      20. Жалпы пайдалану жерлерінде және жеке аумақтарда өсетін жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлілердің тарапынан зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін көшет отырғызу немесе көшеттер мен атқарылған жұмыс көлемінің құнын қайтару арқылы жүргізеді.

      21. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға жасыл желектерді қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейін екі жыл ішінде әрі қарай күтіп-баптауын қамтамасыз етеді.

      22. Қажетті күтіп-ұстау, жасыл желекті қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру жасыл желектерді күту жауапкершілігі жүктелген тұлғалар есебінен жүргізіледі.

      23. Құрылыс жұмыс (ғимараттардың, үйлердің күрделі құрылысы, жолдарды, инженерлік коммуникациялар) түрлерін жүргізген кезде, осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер механикалық зақымданудан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен қорғалуға тиіс.

4. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау

      24. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшар бастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Қағидада белгіленген уәкілетті органының рұқсатымен жүргізіледі.

      25. Жасыл желекті рұқсаттсыз кескен жағдайда келтірілген залалды уәкілетті орган есептеп шығарған көлемде белгіленеді.

      26. Жасыл желектерді қайта отырғызу бір жылдың ішінде уәкілетті органы берген рұқсатта көрсетілген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргізіледі. Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың жерсінудің өнімділігін көтеру мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.

      27. Ағаштарды жасарту және қалың біткен ағаштарды сирету өсіп-өну кезеңі басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.

      28. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңартуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқықты ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу, түгендеу мен орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдары негізінде уәкілетті органының рұқсаты бойынша жүргізіледі.

      29. Заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы кезеңде жасыл желектерді зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан сақтау үшін химиялық әдістермен және басқа да биологиялық дәрі-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

      30. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды міндетті түрде уәкілетті органның рұқсатын алдын ала ресімдеу арқылы арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.

      31. Ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу және санитарлық қырқу рұқсатын ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі.

      Кесу немесе санитарлық қырқу деректері жергілікті атқарушы орган жанында құрылған ведомствоаралық комиссия актісімен куәландырылады. Комиссия орынға шығып кесім жасайды, содан кейін он бес күн мерзімінде уәкілетті органға хабарланады.

      32. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үсті көздеріндегі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектерді кесу шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі жауапты су пайдаланушының кесімімен куәландырылады, содан соң 72 сағаттың мерзімінде уәкілетті органға хабарланады.

      33. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұталар, жапырақтар, ұшар бастар және тағы басқа) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Ағаштарды кесу, көлденең бөлу, ағаш қалдықтарын тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.

      34. Жаңадан салынып жатқан немесе жаңартылып жатқан нысандар үшін жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс:

      жаңадан нысан, құрылыс, үй-жай салу (жаңарту) кезінде заңды тұлғалар үшін:

      1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;

      2) жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі (нысандар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлген кездегі);

      3) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);

      5) қайта салынатын нысандар үшін сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттік-жоспарламалық тапсырмасы бойынша қорытынды;

      6) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі;

      7) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;

      8) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат.

      Бұрыннан тұрған нысандардың аумағын көріктендіру және эстетикалық келбетін жақсарту үшін:

      1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;

      2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;

      3) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі;

      4) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;

      5) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат.

      35. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі ұстап-күтілуін қамтамасыз етуге міндетті.

      Жасыл желектер шектесетін аумақтарда өскен жағдайда жеке тұлғалар үшін:

      1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш;

      2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі.

      3) жасыл желектердің орналасуы көрсетілген өтемдік көгалдандырудың нобай-жоспары;

      4) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаржысына жүргізілетін жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

      1) уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;

      2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектерді отырғызу сызбасы көрсетілген, жобалық көгалдандырудың жоспары;

      3) көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.

      36. Өтініш уәкілетті органның комиссиясымен 20 күннің ішінде, сол жерге барып жер учаскесіне міндетті тексеріс жүргізуімен қаралады, оған тапсырысшының немесе өтініш берушінің өкілі қатысады.

      37. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерін түзетуге рұқсат күшінің мерзімін климаттық жағдайларға және желектердің түрлік құрамына байланысты, алайда ағымдағы күнтізбелік жылдың айының соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган анықтайды.

      38. Көгалдандырылған аумақтарға осы Қағидамен мыналарға тыйым салынады:

      1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;

      2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;

      3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарымен, сарқынды сумен қоқыстауға және ластауға;

      4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;

      5) автокөліктердің, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтпе жолы мен тұрағына айналдыруға;

      6) автокөлік құралдарын жууға;

      7) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;

      8) мал жаюға;

      9) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;

      10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге.

      5. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

      39. Жасыл желекті құқық бұзу жолымен бүлдіргені немесе жойып жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары негізінде айқындалады.

      40. Осы Қағиданың талаптарын бұзған жағдайда жеке, лауазымды және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады

      "Жамбыл облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Қағидаларына" 1 қосымша

      Жасыл желектерді зерттеу

      КЕСІМІ

      20____ж. "____"____________

      Көше_______________________________________________________________

      Аудан______________________________________________________________

      Біздер, төменде қол қоюшылар уәкілетті органның комиссия құрамы

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, жөні, тегі, органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      және тапсырыс берушінің өкілi

      ____________________________________________________________________

      түсетін жасыл желектерге зерттеу жүргіздi

      ___________________________________________________________________

      Нәтижесінде анықталды:

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Кесілетін

Қайта отырғызу

Көлем

Диаметр

Көлем

Диаметр

1






2






      кестенің жалғасы

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Сақталады

Сапалық (нақты) жағдайы

Көлем

Диаметр

Жақсы

Қанағат

Қанағатемес

1







2







      Осы кесім ____дана болып жасалды.

      Ескертпе: Зерттеу актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.

      Тапсырысшының өкілі алды ________ аты, жөні, тегі

      Комиссия мүшелерінің қолы: аты, жөні, тегі.

      Жамбыл облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Қағидаларына
2 қосымша

      Жасыл желектерді кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға берілген

      РҰҚСАТ

      1. Кәсіпорынның атауы (тапсырысшы, өтініш беруші)

      2. Кәсіпорынның басшысы (аты, жөні, тегі) (тапсырысшы, өтініш беруші)

      3. Сұралған учаскенің мақсаты

      4. Орналасқан жерi

      5. Шараларды өткізу үшін негіздеме

      6. Жер учаскесінің меншік түрі (№, күні)

      7. Уәкілетті органның жасыл желектерді зерттеу актісi

      8. Жасыл желек қорын өтемдік қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат)

      9. Көгалдандырудың (көріктендірудің) жобалық жоспары

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердің жәй-күйін ескере отырып, зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді келіседі:

      ағаш-бұтақты жасыл желектердің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет.

      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:

      1. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерін сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдік қалпына келтіру бойынша шараларды жүргізу.

      2. Жасыл желектерді қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.

      3. Рұқсат күшінің мерзімі.

      4. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.

      Қосымша:____________

      Ескертпе:___________

      Уәкілетті органның басшысы: аты, жөні, тегі

      Жамбыл облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Қағидаларына
3 қосымша

      Жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға РҰҚСАТ

      1. Кәсіпорынның атауы (тапсырысшы, өтініш беруші)

      2. Кәсіпорынның басшысы (аты, жөні, тегі) (тапсырысшы, өтініш беруші)

      3. Сұралған учаскенің мақсаты

      4. Орналасқан жерi

      5. Шараларды өткізу үшін негіздеме

      6. Жер учаскесінің меншік нысаны (№, күні)

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы), зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектердің жәй-күйін ескеріп (санитарлық, лажсыздан кесуді: келіседі:

      жұмыс түрлерін (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды) көрсете отырып келіседі.

      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:

      1. Жасыл желектерді күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.

      2. Рұқсаттың қолданылу мерзімі.

      3. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы атқарылған жұмыстар туралы жазбаша түрде есеп беруге тиіс.

      Ескертпе:____________

      Уәкілетті органның басшысы: аты, жөні, тегі.

      Жамбыл облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Қағидаларына
4 қосымша

      20___жылдың 1 қаңтарына дейінгi аудан, қала жасыл желектерінің

      Тізілімi

      Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңының жер санаты, өсімдік түрлері және функционалдық мақсаты бойынша бөлу

      Ауыл, қала

      Әкімшілік аудан: (код)________________________________

      Иесі:_________________________________________

      Жасыл желектер тізілімі

      кесте

инвентарлық №, жасыл желек төлқұжаты

Жердің функционалдық мақсаты, (жасыл желектер санаты)

Жіктемелік код

Ағаш өсімдігі

Бұта өсімдіктері

Жекелеген ағаштар, дана

Топтар, куртиналар

Тоғайлар, алқаптар, бақтар гектар

Бағытты көшеттер, дана

Нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті

Барлығы, дана

Жекелеген дана

Жасыл қоршау, дана

Қатарлық көшеттер, дана

Топтық отырғызулар, дана

Нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициент

Барлығы, кума метр/ дана

      кестенің жалғасы:

инвентарлық №, жасыл желек төлқұжаты

Жердің функционалдық мақсаты, (жасыл желектер санаты)

Жіктемелік код

Ашық кеңістік

Көкжелектер

Гүлзарлар

Патерлік

Кәдімгі

Топырақ беті жамылғысы

Нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициент

Барлығы, дана

Бір жылдық, дана

Көпжылдық, дана

Контейнерлік, дана

Вазон

Альпинарий, рокарий

Нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициент

Барлығы, дана

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады