"Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 67-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 маусымда № 4650 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 12-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2268 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 шілдесінде "Жаңа Өмір – Новая жизнь" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 6 тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға отбасының жан басына шаққандағы табыс көзі күнкөріс деңгейдің бес есесінен аспаған жағдайда ай сайын күнкөріс деңгейдің екі есе мөлшерінде және әлеуметтік мәні бар ауруымен ауыраған азаматтарға жылына бір рет арнайы комиссияның анықтауы бойынша, әлеуметтік қолдау көрсетілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджт және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы К. Бегалиев
      Жуалы аудандық
      мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

О внесении изменений в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району"

Решение Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 25 июня 2020 года № 67-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 июня 2020 года № 4650. Утратило силу решением Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 11 декабря 2023 года № 12-5

      Сноска. Утратило силу решением Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 11.12.2023 № 12-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года за № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативно-правовых актов за № 2268, опубликовано в газете "Жаңа өмір – Новая жизнь" от 24 июля 2014 года) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденных указанным решением второй абзац подпункта 1) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "Оказание социальной помощи детям, инфицированным вирусом иммунодефицита человека ежемесячно в размере двухкратного прожиточного минимума, с учетом среднедушевого дохода, не превышающего пятикратного прожиточного минимума и гражданам, больным социально значимыми заболеваниями один раз в год, по определению специальной комиссии.".

      2. Контроль за исполнением и публикацию на интернет-ресурсе данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам административно-территориальных структур, социально-экономическому развитию территорий, бюджета и местных налогов по защите прав граждан.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Жуалынского
      районного маслихата К. Бегалиев
      Секретарь Жуалынского
      районного маслихата Е. Тлеубеков