"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі №477 "Жамбыл облысы Қордай ауданының ауылдық округтер әкімі аппаратының Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2332 болып тіркелген, 2014 жылғы 08 қазанда "Қордай шамшырағы - Кордайский маяк" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Нуралиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы Қордай | |
ауданының әкімі | Р. Дәулет |