Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 68-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 шілдеде № 4668 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшаларына сәйкес Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы №49-8 "Меркі ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2995 болып тіркелген, 2016 жылдың 05 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, экология, табиғатты және әкімшілік-аймақтық құрылымды дамыту, жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Бектурганов
      Меркі аудандық
      мәслихатының хатшысы И. Ахметжанов

  шешіміне № 1 қосымша

Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы айқындалған орындар:

      1) жиналыс пен митинг өткізу орыны: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Ұлытау көшесі №21 үй мекен-жайы бойынша орналасқан саябақ.

      2) Меркі ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты болып: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Ұлытау көшесінен бастап Меркі ауданының қызылша зауытына дейін белгіленсін.

      2. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) аудан әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады.

      Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

      2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

      3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

      4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

      5) Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңындағы көзделген міндеттермен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

      3. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      а / в = с;

      а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);

      в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);

      с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

      4. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

  шешіміне № 2 қосымша

Бейбіт жиналыстарды, шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету


п/п

Арнайы орынның атауы

материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Шекті толу нормалары

1.1.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Ұлытау көшесі №21 үй мекен-жайы бойынша орналасқан саябақ

Жер учаскесінің көлемі
9200 шаршы метр;
- 24 бағанада 48 лампа орналастырылған;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
- 1 тұрақ орыны бар
(2 кіру, 2 шығу).

50
адам

2.2.

Меркі ауданы, Ойтал ауылындағы Ұлытау көшесінен бастап Қант қызылшасы зауытына дейін

Маршруттың ұзындығы 300 метр;
- маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған.

100
адам

  шешіміне №3 қосымша

Пикеттеуді өткізу тәртібі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 17-6 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.

      Пикеттеуді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

      Пикеттеу барысында:

      1) оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

      2) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.

      Пикеттеу барысында:

      1) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

      2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;

      3) пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

Об определении специализированных мест, порядка использования специализированных мест, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе

Решение Меркенского районного маслихата Жамбылской области от 1 июля 2020 года № 68-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 3 июля 2020 года № 4668

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", согласно Закону Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном самоуправлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Меркенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места, порядок использования специализированных мест, нормы их предельного наполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе, согласно приложениям.

      2. Признать утратившим силу решение Меркенского районного маслихата от 03 марта 2016 года №49-8 "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по району Мерке" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2995, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" от 05 апреля 2016 года).

      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам обеспечения общественного порядка, экологии, природоохранного и административно-территориального устройства, противодействие коррупционным право нарушением.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессий Меркенского
      районного маслихата Б. Бектурганов
      Секретарь Меркенского
      районного маслихата И. Ахметжанов

  Приложение №1 к решению

Специализированные места, порядок использования специализированных мест, нормы их предельного заполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе

      1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе:

      1) Место проведения собрания и митинга: Жамбылская область, Меркенский район, село Ойтал, парк расположенного по адресу улица Улытау дом №21;

      2) Установить маршрутом проведения шествий и демонстраций в Меркенском районе: Жамбылская область, Меркенский район, село Ойтал, начиная с улицы Улытау до территории сахарного завода Меркенского района.

      2. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе:

      1) при организации и проведении мирного собрания акиматом района создается постоянно действующий оперативный штаб для координации деятельности организаций, задействованных в организации и проведении мирного собрания. В состав оперативного штаба входят представители местной полицейской службы, органов гражданской защиты, организатор мирного собрания (далее - организатор). Оперативный штаб возглавляет уполномоченный представитель акима района;

      2) организатор размещает правила поведения участников, регламентирующие порядок организации и проведения мирного собрания в общедоступном для граждан месте, предусматривает меры, обеспечивающие охрану общественного порядка, безопасность участников, пожарную и санитарно-эпидемиологическую безопасность, оказание первой медицинской помощи при несчастных случаях и порядок эвакуации при возникновении чрезвычайных ситуаций;

      3) организатор совместно с местной полицейской службой определяет месторасположение служебного автотранспорта, пункта управления оперативного штаба местной полицейской службы и скорой помощи, а также стоянок резерва;

      4) местные службы полиции за двое суток до начала мирного собрания утверждают план размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности;

      5) организаторы и участники мирных собраний в Меркенском районе обязаны строго соблюдать запреты и обязанности, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      3. Предельные нормы заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе:

      а / в = с;

      а - площадь специальных мест для организации и проведения мирных собраний (в квадратных метрах);

      в – предельная норма на каждого гражданина, участвующего в мирных собраниях (1,5 квадратных метра);

      с - предельная норма заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний (предельное количество лиц, участвующих в мирном собрании).

      4. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе определяются в соответствии с планом размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности, утверждаемым местной полицией при проведения каждого мирного собрания.

  Приложение №2 к решению

Материально-техническое оснащение специализированных мест для проведения мирных собраний и шествий


п/п

Наименование специализированного места

Материально-техническое оснащение

Предельная наполняемость

1.1.

Жамбылская область, Меркенский район, село Ойтал, парк расположенного по адресу улица Улытау дом №21

Площадь земельного участка – 9200 квадратных метра;
- в 24 колонках размещено 48 ламп;
- точка для подключения электроэнергии;
- камера видеонаблюдения и видеофиксации;
-1 парковочных мест
(2 заезд, 2 выезд).

50
человек

2.2.

Жамбылская область, Меркенский район, село Ойтал, начиная с улицы Улытау до территории сахарного завода Меркенского района

Протяженность маршрута составляет 300 метр;
- вдоль маршрута имеется уличное освещение;
-камеры видеонаблюдения и видеофиксации.

100
человек

  Приложение №3 к решению

Правила проведения пикетирования

      Сноска. Приложение 3 с изменениями, внесенными решением Меркенского районного маслихата Жамбылской области от 25.12.2023 № 17-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Пикетирование – присутствие одного гражданина Республики Казахстан в определенном месте в определенное время с целью публичного выражения мнения по общественно-значимым вопросам и/или действиям/бездействию лиц и/или органов, организаций.

      Проведение пикетирования запрещается:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

      Допускается:

      1) проведение только одним гражданином и в статичной форме (без передвижения);

      2) использование плакатов, транспарантов и иных средств наглядной агитации;

      3) пикетирование не более двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта (за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний).

      Не допускается:

      1) проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний;

      2) использование звукоусиливающих средств;

      3) проведение пикетирования на расстоянии 800 метров, прилегающих к территориям объектов, у которых запрещено проведение пикетирования.