"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аспара ауылдық округінің Аспара ауылының Аспаринская көшесінің атауы Аспара көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аспара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н. Кенишбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аспара ауылдық округінің әкімі | Г. Оспанбекова |