Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 45 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 4526 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 229 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 29.09.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мойынқұм ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 97 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 7 маусымда № 3441 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 21 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      4. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Наметкулов Амангелды Наметкуловичке жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мусаев

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "___"___________
№___ қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері қызметкер-лердің тізімдік санының (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

2

3

4

5

1

"Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2%

1

2

"Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2%

1

3

"Мойынқұм аудан әкімдігінің ветеринариялық қызметі" шаруашылық құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

68

2%

1

4

Мойынқұм ауданы бойынша білім беру мекемелері (1 бастауыш, 1 орта, 1 қосымша білім беру)

101

3%

3


Барлығы

289

-

6


Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Мойынкумского района Жамбылской области от 6 марта 2020 года № 45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 18 марта 2020 года № 4526. Утратило силу постановлением акимата Мойынкумского района Жамбылской области от 15 сентября 2023 года № 229

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мойынкумского района Жамбылской области от 15.09.2023 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат Мойынкумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест в организациях Мойынкумского района для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда согласно приложению к данному постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Мойынкумского района от 22 мая 2017 года № 97 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3441 от 7 июня 2017 года, опубликовано в эталонном контрольном банке Республики Казахстан в электронном виде 21 июня 2017 года).

      3. Коммунальному государственному учреждению "Центр занятости населения акимата Мойынкумского района" обеспечить организацию квотирования рабочих мест для трудоустройства инвалидов.

      4. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Мойынкумского района" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на исполняющего обязанности заместителя акима района Наметкулова Амангелды Наметкуловича.

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района М. Мусаев

  Приложение к постановлению
акимата Мойынкумского района
№__от "__" ______ 2020 года

Список организаций в которых установлены квоты рабочих мест для инвалидов

Наименование организаций

Списочная численность работников на начало года (человек)

Размер квоты (%) от списочной численности работников

Количество рабочих мест согласно установленной квоте (человек)

1

Коммунальное государственное учреждение "Мойынкумское учреждение по охране лесов и животного мира управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области"

60

2%

1

2

Коммунальное государственное учреждение "Коктерекское учреждение по охране лесов и животного мира управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области"

60

2%

1

3

Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Ветеринарная служба акимата Мойынкумского района"

68

2%

1

4

Учреждения образование Мойынкумского района (1 средних школ, 1 начальных школ, 1 школ дополнительного образования)

101

3%

3


Всего

289

-

6