Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 97 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 3441 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 06.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мойынқұм ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Есеев Бақытжан Жапарұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Нүркенов

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 мамырдағы
№ 97 қаулысына қосымша

Мойынқұм ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квоталар

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері %

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)

1

Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Мөлдір” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

118

3%

3

2

Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мойынқұм ауылындағы “Аула клубы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2%

1

3

“Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

69

2%

1

4

“Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызметі” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

70

2%

1


Барлығы

307

-

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады