Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 20.04.2021 № 3-16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. "Мойынқұм ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 56-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4555 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 16 сәуірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм аудандық мәслихатының әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, адам құқықтарын қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм аудандық | |
мәслихатының сессия төрағасы | А. Салибеков |
Мойынқұм аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ш. Исабеков |
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 64-4 шешіміне қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.
2. Әлеуметтік көмек Мойынқұм ауданында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
3. Осы қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-уәкілетті ұйым)-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру,сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға"
1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Мойынқұм ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
5) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
6) уәкілетті орган – "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Мойынқұм аудандық әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін аудан әкімімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
7. Атаулы және мереке күндеріне бір рет берілетін әлеуметтік көмек:
1) 9 мамырға- Жеңіс күні:
1.1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
1.2. Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
1.3. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
1.4. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
1.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген ( әскери қызмет өткерген) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиарлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
2) 15 ақпанға- Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:
2.1. Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
2.2. Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
2.3. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
3) 26 сәуірде- Чернобыль атом электростанциясындағы апат болған күн:
3.1. 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
3.2. 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
4) 29 тамызға-Семей полигонының жабылған қүні:
4.1. Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
8. Өтініші бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын, туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде (дәрігерлердің ай сайынғы анықтамасымен) ай сайын күн көріс деңгейі көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын, әлеуметтік мәні бар АИТВ (адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар тұлғаларға (дәрігерлердің ай сайынғы анықтамасымен) ай сайын 2 еселенген күн көріс деңгейі көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
9. Өтініші бойынша біржолғы әлеуметтік көмек:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар аурулармен (туберкулез, қатерлі ісікпен) ауырып амбулаториялық жағдайда ем алушы тұлғаларға 2 еселенген күн көріс деңгейі көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда 50000 (елу мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі .
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар азаматтар (отбасылар) үшін табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа(отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек, алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Мойынқұм ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.
11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
12. Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
23. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Мойынқұм ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
24. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
25. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына № 1 қосымша |
Отбасыны тіркеу нөмірі ____________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ _________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
______________________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына №2 қосымша
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20__ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.____________________________________
2. Тұратын мекенжайы ________________________________________
______________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде :
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _____ адам.
Балалардың саны:________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ___________________________________________________________________
________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
___________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: __________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________
______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы
(оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)___________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі_____________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ______
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ _________________________
________________________ _________________________
________________________ _________________________
________________________ _________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: _________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні _____
_______________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
___________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына № 3 қосымша |
Учаскелік комиссияның №__ қорытындысы 20 ____ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
Қоса берілген құжаттармен __ данада 20__ж. "__" ______________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә. лауазымы,
қолы_________________________
_________________________