Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулыға қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірі № 23/01 қаулысына қосымша |
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 52/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3928 нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 13 тамыздағы № 105 "Индустриальная Караганда" және 2016 жылғы 13 тамыздағы № 127 "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 11 тамызында жарияланған).
2. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 52/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 45/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 нөмірмен тіркелген, 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22 494) "Индустриальная Караганда" және 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22 686) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 1 тамызында жарияланған).
3. "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 49/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5443 нөмірмен тіркелген, 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 97 (22 501) "Индустриальная Караганда" және 2019 жылғы 5 қыркүйектіге № 97 (22 693) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 27 тамызында жарияланған).