Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамыры № 33/02 қаулысына қосымша |
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 35/04 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3352 тіркелген, "Индустриальная Караганда" 2015 жылғы 06 тамызда № 108-109 (21859 - 21860); "Орталық Қазақстан" 2015 жылғы 06 тамызда № 123-124 (22009) газеттерінде; "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 07 тамызда жарияланды).
2. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 35/04 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 35/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3854 тіркелген, "Индустриальная Караганда" 2016 жылғы 16 маусымда № 75 (22020); "Орталық Қазақстан" 2016 жылғы 16 маусымда № 95 (22200) газеттерінде; "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланды).
3. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 35/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 91/05 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4125 тіркелген, "Индустриальная Караганда" 2017 жылғы 09 ақпанда № 16 (22129); "Орталық Қазақстан" 2017 жылғы 09 ақпанда № 16 (22323) газеттерінде; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 02 ақпанда жарияланды).
4. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 35/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3852 тіркелген, "Индустриальная Караганда" 2016 жылғы 16 маусымда № 75 (22020); "Орталық Қазақстан" 2016 жылғы 16 маусымда № 95 (22200) газеттерінде; "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 маусымда жарияланды).