Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 37/02 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5389 болып тіркелген, "Орталық Қазақстан" 2019 жылғы 29 маусымдағы №70 (22666), "Индустриальная Караганда" 2019 жылғы 29 маусымдағы №70 (22474) газеттерінде, 2019 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |