Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулылары күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 62/03 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3529 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылдың 10 желтоқсанда № 207-208 (22 092) "Орталық Қазақстан" және 2015 жылдың 10 желтоқсанда № 182-183 (21933-21934) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №41/05 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3901 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 26 шілдеде № 116 – 117 (22 222) "Орталық Қазақстан" және 2016 жылғы 26 шілдеде № 96 (22041) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |