Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы "2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5747 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде тіркелген, 2020 жылғы 28 наурыздағы № 32 (22581) "Индустриальная Караганда" және "Орталық Қазақстан" 2020 жылғы 28 наурыздағы № 32 (22 773) газеттерінде жарияланған) № 15/01 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" №15/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
___________
2020 жылғы "____"_______
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамызы № 55/01 қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 15/01 қаулысына қосымша |
2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдері
Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидия лау көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 104 535 | 1 045 350 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 26 667 | 400 005 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 2 700 | 270 000 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 1 490 | 223 500 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | сатып алынған бас | ||
4.1 | Отандық | 2 410 | 361 500 | |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 400 | 90 000 | |
4.3 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 40 | 12 000 | |
5. | Шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу | |||
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 2 783 490 | 556 698 |
7. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату | өндірілген сиыр етінің бір килограмы | ||
Барлық сома | 2 959 053 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
1.1 | Бір жынысты | сатып алынған доза | ||
1.2 | Қос жынысты | 139 | 695 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
2.1 | Отандық | сатып алынған бас | 280 | 56 000 |
2.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 320 | 72 000 | |
2.3 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 898 | 358 878 | |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | ||
Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 5 000 000 | 150 000 | ||
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 6 000 000 | 120 000 | |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 1 250 000 | 25 000 | |
4. | Ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату | дана | ||
5 | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5000 | 25 000 |
Барлық сома | 807 573 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 68 797 | 41 278 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
2.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | ||
2.2 | 10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | |||
2.3 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 6 843 000 | 410 580 | |
2.4 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | |||
3. | Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | |||
4. | Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату | |||
Барлық сома | 451 858 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 307 866 | 18 472 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) | |||
2.1 | 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 217 424 000 | 326 136 |
2.2 | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 96 000 000 | 124 800 | |
2.3 | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 131 686 667 | 158 024 | |
2.4 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | |||
2.5 | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | |||
Барлық сома | 627 432 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 300 | 42 000 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылыстыру маусымы | 5 090 | 203 600 |
Барлық сома | 245 600 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 29 450 | 117 800 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 63 469 | 158 672 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 2 500 | 37 500 |
2.1 | Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу | |||
2.2 | Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | |||
3. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | бас/ шағылыстыру маусымы | ||
4. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 5000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген қошқарлардың құнын арзандату | өткізілген бас | 6000 | 18 000 |
5. | Қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату | дана | ||
6. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы | ||
Барлық сома | 331 972 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 150 | 15 000 |
Барлық сома | 15 000 | |||
БАРЛЫҒЫ | 5 438 488 |