Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2019 жылғы 26 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 53/02 "Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда "Индустриальная Караганда" № 103 (22048) және "Орталық Қазақстан" № 125 (22230) газеттерінде, 2016 жылдың 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |