Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 04.10.2024 № 60/03 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 "Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1910 нөмерімен тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы №87 (21 294) "Орталық Қазақстан" және 2012 жылғы 29 мамырдағы №63 (21 227) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) "Қарағанды облысының Кіші Бұқпа өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату" және "Кіші Бұқпа өзенінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату" жобасын түзету;";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы |
Денсаулық сақтау министрлігінің |
Санитариялық-эпидемиологиялық |
бақылау комитетінің төрағасы |
_______________ А.С. Есмагамбетова |
2020 жылғы "____" _____________
"КЕЛІСІЛДІ"
2020 жылғы "_____" ______________