Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 қазанда № 6666-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары және түзетулері негізінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

      Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

      Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

      Есіл бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

      Ертіс бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 60/03
қаулысына 1-қосымша

Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Постановление

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймағының ені (метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

Қарағанды қаласы

1

Кіші Бұқпа өзені

Қарағанды қаласы

75-500

35-100

2

Үлкен Бұқпа өзені

Қарағанды қаласы

500

35-100

3

Солонка өзені

Қарағанды қаласы

300-500

50-100

4

Веснянка өзені

Қарағанды қаласы

500

35-100

5

Көкпекті өзені

Қарағанды қаласы

500

35-75

6

Узенка өзені

Қарағанды қаласы

500

35-100

7

Ащилыайрық өзені

Қарағанды қаласы

500

35-100

Балқаш қаласы

8

Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)

Балқаш қаласы

500-3170

35-100

Приозерск қаласы

9

Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)

Приозерск қаласы

500-3170

35-100

Саран қаласы

10

Саран су қоймасы

Саран қаласы, Карагандинка өзеніңде

500

35-100

Шахтинск қаласы

11

Тентек өзені

Шахтинск қаласы

500

35-50

Абай ауданы

12

Тентек өзені

Абай ауданы

500

35-50

13

Сасықкөл көлі

Абай ауданы, Шахтинск қаласының оңтүстік-батысқа қарай 8 километр

500

35-100

14

Шерубай-Нұра су қоймасы

Абай ауданы, Топар кентінің оңтүстік-батысқа қарай 3 километр жерде, Шерубайнұра өзенінде

500

35-100

15

Топар өзені

Абай ауданы

500

35-50

16

Сулу өзені

Абай ауданы

500

50

17

Есен өзені

Абай ауданы

500

35-75

Ақтоғай ауданы

18

Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)

Ақтоғай ауданы

500-3170

35-100

19

Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен белдеуінің ішкі шекарасы балтық жүйесінің 342,0 метр белгісіндегі су кемері бойынша қабылданған)

Ақтоғай ауданы

500

35

20

Тоқырау өзені (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы суару кезеніндегі орташа көпжылдық межендік дәрежедегі су қиылысында қабылданады)

Ақтоғай ауданы

500-3500

55-100

21

Қусақ өзені

Ақтоғай ауданы

500

35

22

Жәмші өзені

Ақтоғай ауданы

500-1300

55-100

23

Қараменды өзені

Ақтоғай ауданы

500

35-50

24

Мойынты өзені

Ақтоғай ауданы

500

55-100

25

Ақтайлақ өзені

Ақтоғай ауданы

500

35-36

26

Қаршығалы өзені

Ақтоғай ауданы

500

35-36

Бұқар-Жырау ауданы

27

Шідерті өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

100

28

Шайлы өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

55-100

29

Көкпекті өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-75

30

Узенка өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-100

31

Ащилыайрық өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-100

32

Ошағанды өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-75

33

Көкпекті су қоймасы

Бұқар-Жырау ауданы, Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 2 километр жерде, Көкпекті өзенінде

500

35-50

34

Ащысу су қоймасы

Бұқар-Жырау ауданы, Қарағанды қаласынан солтүстік-шығыс бағытта 90 километр жерде

500

35-75

35

Баймырза өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

55-100

36

Шоқай өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

55-100

37

Ащысу өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-75

38

Шоқай су қоймасы

Бұқар-Жырау ауданы, Баймырза селосынан солтүстікке қарай 0,5 километр жерде

500

100

39

Өткелсіз өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

55-100

40

Қарасу (Жартас) өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-75

41

Теректы өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-75

42

Алтынсу өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-75

43

Аделсу өзені

Бұқар-Жырау ауданы

500

35-75

Қарқаралы ауданы

44

Қарасор көлі

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 километр жерде

500

35-50

45

Талды өзені

Қарқаралы ауданы

500

35-100

46

Балықтыкөл көлі

Қарқаралы ауданы, Қоянды кентінең оңтүстік-шығысына қарай

500

35-75

47

Жарлы өзені

Қарқаралы ауданы

500

75-100

48

Матақ өзені

Қарқаралы ауданы

500

50-75

49

Каркаралинка өзені

Қарқаралы ауданы

500

35-100

50

Тұндық өзені

Қарқаралы ауданы

500

35-75

51

Аделсу өзені

Қарқаралы ауданы

500

35-75

52

Үлкен Қарқаралы көлі

Қарқаралы ауданы

500

35-100

Нұра ауданы

53

Балықты көлі

Нұра ауданы

500

35-50

54

Бикеш өзені

Нұра ауданы

500

100

55

Сарыозек өзені

Нұра ауданы

500

35-50

56

Ащилы өзені

Нұра ауданы

500

35-50

57

Қыпшақ өзені

Нұра ауданы

500

35-50

58

Керей өзені

Нұра ауданы

500

35-50

Осакаров ауданы

59

Шідерті өзені

Осакаров ауданы

500

100

60

Ошағанды өзені

Осакаров ауданы

500

35-75

61

Бикеш өзені

Осакаров ауданы

500

100

62

Баймырза өзені

Осакаров ауданы

500

55-100

63

Қарғалы өзені

Осакаров ауданы

500

50

64

Тоқсымақ көлі

Осакаров ауданы, Озерный ауылдық округінің солтүстік-батысына қарай 10 километр жерде

500

35-100

65

Есіл су қоймасы

Осакаров ауданы, Есіл өзенінен 40 километр жерде

500

35-100

66

Есіл өзені

Осакаров ауданы

500

35-75

67

Шоқай өзені

Осакаров ауданы

500

55-100

68

Оленты өзені

Осакаров ауданы

500

75-100

69

Ақбастау өзені

Осакаров ауданы

500

35-55

Шет ауданы

70

Тұматай өзенінің учаскесі

Шет ауданы

500

35

71

Краснополянский су қоймасы

Шет ауданы, Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 70 километр жерде

500

35-100

72

Сарыбұлақ өзені

Шет ауданы

500

100

73

Шажағай өзені

Шет ауданы

500

100

74

Жәмші өзені

Шет ауданы

500-1300

55-100

75

Талдыманака өзені

Шет ауданы

500

50

76

Курманака өзені

Шет ауданы

500

50

77

Талдыэспе өзені

Шет ауданы

500

50

78

Сулу өзені

Шет ауданы

500

50

79

Мойынты өзені

Шет ауданы

500

55-100

80

Есен өзені

Шет ауданы

500

35-75

81

Апарсу өзені

Шет ауданы, "Солтүстік Қатпар" кен орнының жоспарланған қызметінің іргелес учаскесі

500

35

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 60/03
қаулысына 2-қосымша

Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 60/03
қаулысына 3-қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 09/10 "Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде, "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Балқашцветмет" Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесі мен Тоқырау өзені үшін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1891 болып тіркелген).

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 "Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1908 болып тіркелген).

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 "Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1910 болып тіркелген).

      4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/05 "Қарағанды облысының Саран, Ащысу, Шоқай, Көкпекті, Краснополянский, Шерубай-Нұра су қоймаларында, Сасықкөл, Балықтыкөл, Қарасор, Балықты көлдерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1912 болып тіркелген).

      5. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/02 "Қарағанды облысының Шайлы, Ащысу, Өткелсіз, Шоқай, Ошағанды, Баймырза, Бикеш, Тентек, Шідерті өзендерінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2873 болып тіркелген).

      6. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/03 "Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қусақ өзенінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2874 болып тіркелген).

      7. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/04 "Қарағанды облысының Қарғалы өзенінде және Тоқсымақ көлінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2875 болып тіркелген).

      8. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 14/01 "Қарағанды облысының Тұматай өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5218 болып тіркелген).

      9. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 09 сәуірдегі № 21/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5288 болып тіркелген).

      10. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88/04 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 "Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6142 болып тіркелген).

      11. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 29/02 Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 "Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6326 болып тіркелген).

      12. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 33/03 "Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6341 болып тіркелген).

      13. Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 03/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26563 болып тіркелген).

      14. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88/05 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 "Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6141 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады