Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XIII сессиясының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 115 "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2073 болып тіркелген, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы № 163 (1069) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Нурказов |
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы | К. Бексултанов |