Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XIII сессиясының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы N 115 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда N 2073 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 5 тамыздағы № 530 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 05.08.2020 № 530 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша қосымша материалдық көмек жыл сайын Қарағанды қаласының келесі санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын;

      2) Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен және "Даңқ" орденінің I және II дәрежесімен марапатталған азаматтарға бір рет.

      2. Қарағанды қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Материалдық көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылсын.

      4. Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы "Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен және "Даңқ" орденінің I және II дәрежесімен марапатталған азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" N 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-53 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 ақпандағы N 24 (212) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) және 2007 жылғы 31 қаңтардағы "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмек көрсету туралы" N 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-51 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпандағы N 19 (207) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы" шешімінің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

V шақырылған Қарағанды


қалалық мәслихатының


кезекті ХІIІ сессиясының төрайымы

Ә. Әлімбаева

Қарағанды қалалық


мәслихатының хатшысы

Қ. Оспанов

Келісілді:


"Қарағанды қаласының жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ж. Ысқақов


      19.12.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады