Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата–ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі | Г. Ашимов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 сәуірі № 17/2 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Р/с № | Мектепке дейінгі білім беретін ұйымның түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиеленушілер саны | Айына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке | мемлекеттік | жеке | мемлекеттік | жеке | ||
1 | Балабақша, бөбекжай (қалыпты топ) | 4786 | 140 |
1 жастан 3 жасқа дейін 11000 |
1 жастан 3 жасқа дейін 11000 | 32000 | 32000 |
2 | Балабақша, бөбекжай (түзету тобы) | 294 | - | - | - | 49645 | - |
3 | Мектепке дейінгі шағын-орталық (қалыпты топ) | 436 | 403 | 3 жастан 6 (7) жасқа дейін 12000 | 3 жастан 6 (7) жасқа дейін 12000 | 18977,5 | 32000 |