Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы № 31/4 "Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде № 4978 тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 қазанда жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | С. Урываев |
Қалалық мәслихат хатшысы | А. Ломакин |