Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы № 31/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қазанда № 4978 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 55/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 05.06.2020 № 55/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Теміртау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 15/5 "Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілмінде № 2339 тіркелген, "Новый Теміртау" газетінде 2013 жылы 07 маусымда № 22 (092) жарияланған);

      2) 2015 жылғы 9 маусымдағы № 39/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5 "Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілмінде № 3278 тіркелген, "Вечерняя Караганда" газетінде 2015 жылы 24 маусымда № 25 (321) жарияланған, 2015 жылы 02 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы А. Ломакин

  Теміртау қалалық мәслихатының
2018 жылғы "04" қазандағы
31 сессиясының № 31/4 шешіміне
қосымша

Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

1 объектіге тіркелген салықтың белгіленген айлық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш-термен)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

10

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

4

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады