Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2593 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 18 (690) "Қазыналы өңір" газетінде, 2014 жылы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Әлеуметтік көмек бір мезгілде келесі атаулы күндерге және мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - Ауғанстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары кезеңінде қатысқан тұлғаларға;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні – "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға;
3) 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні - Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа да санаттарға;
5) 6 шілде –Астана күні - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
7) 1 қазан – Қарттар күні – 70 және одан жоғары жастағы адамдарға.";
қағиданың 16 тармағының 2) тармақшасы, 17-1, 27-1, 27-2, 27-3, 27-4 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Касимов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |