Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 53 "Саран газеті" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережеде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі – Тұрғын үй көмегі ережесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес әзірленді, Саран қаласы мен Ақтас кентінің отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін айқындайды.";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
5) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Шекті жол берілетін шығыстар деңгейі отбасының жиынтық табысының жеті пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
2-1 және 2-2-тармақтар алып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау";
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыс нормалары, қоқысты жою, басқару формасы қандай болса да (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және заңды басқару формасын ресімдеушілер), тарифті бекітетін орган немесе қызметті ұсынушылардың бекіткен тарифтері негізінде тағайындалады;";
3, 4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
4-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі
5-тарау. Тұрғын үй көмегіне өтініш білдіру және есептеу тәртібі";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Тұрғын үй көмегі Ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта жүгінген кезде осы Ереженің 18-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға шоттарды ғана ұсынады.".
18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-6-тармақтар алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серікұлы Оспановқа және Саран қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Исенов |
Мәслихат хатшысы | О. Баймаганбетов |