Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық маслихат, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) № 1115/33 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу және тізімін айқындау қағидаларында:
7 тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар "туберкулез" ауруы бар азаматтар;";
7 тармақтың 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"17) операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар "қатерлі ісік" ауруы бар азаматтар;";
7 тармақ келесі мазмұнда 18) тармақшасымен толықтырылсын:
"18) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру әлеуметтік мәні бар ауруы бар азаматтар.";
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру пайда болған әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;";
10 тармақ келесі мазмұнда 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Есмаганбетов |
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |