"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XXXIII сессиясының № 1115/33 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1721/39 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 5901 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық маслихат, ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) № 1115/33 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу және тізімін айқындау қағидаларында:

      7 тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар "туберкулез" ауруы бар азаматтар;";

      7 тармақтың 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "17) операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар "қатерлі ісік" ауруы бар азаматтар;";

      7 тармақ келесі мазмұнда 18) тармақшасымен толықтырылсын:

      "18) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру әлеуметтік мәні бар ауруы бар азаматтар.";

      10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру пайда болған әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;";

      10 тармақ келесі мазмұнда 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Есмаганбетов
      Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы Ж. Мамерханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады