Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Курмин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ауылдық округі, Жұмабек ауылындағы көшелер келесідей:
1) Строителей, Строительная көшесін біріктіріп Құрылысшылар көшесіне;
2) Центральная көшесін Орталық көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курмин ауылдық округінің әкімі: | Садвакасов А.Д. |