Курмин ауылдық округі Жұмабек ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Курмин ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 5746 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Курмин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ауылдық округі, Жұмабек ауылындағы көшелер келесідей:

      1) Строителей, Строительная көшесін біріктіріп Құрылысшылар көшесіне;

      2) Центральная көшесін Орталық көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курмин ауылдық округінің әкімі: Садвакасов А.Д.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады