Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы №353 "Қарқаралы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3542 номерімен тіркелген, "Қарқаралы" аудандық газетіне 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №103-104 (11434) санымен, 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес Қарқаралы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы бекітілсін.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Э. Дюсетаев |
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "____" _________ № __ қаулысына қосымша |
|
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 353 қаулысына 7 қосымша |
Жарлы ауылында тұратын балаларды Тегісшілдік ауылының № 6 орта мектебіне тасымалдау схемасы