Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы "Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы" № VI-28/251 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4785 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 06 маусымда, 2018 жылғы 16 маусымдағы № 24 (11668) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымы № VI-57/487 шешіміне қосымша |
Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібін және мөлшерін анықтайды.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті органмен – "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері
3. Әлеуметтік қолдауды алу үшін кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарының тізімін, келесі құжаттарымен ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) жұмыс орнынан анықтама;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.
4. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:
1) 3 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
2) мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі.
5. Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандары бірнеше қызметтерді қатар атқарған жағдайда, атқаратын бір лауазымы бойынша әлеуметтік қолдау алуға құқылы.
6. Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері уәкілетті органға құжаттарды тапсырған уақыттан бастап әлеуметтік қолдау көрсетуге құжаттарды өңдеу мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
Уәкілетті орган ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды жүргізеді.
Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізілетін төлем.
3-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету мөлшерін белгілеу
7. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.