Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы XXVIII сессиясының № VI-28/251 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 мамырда № 4785 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № VI-57/487 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 18.06.2020 № VI-57/487 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Дюсембаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады