Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 маусымда № 5898 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 17.02.2023 № 06/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін алатын мамандардың лауазымдар тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 17.02.2023 № 06/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 08/03 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық айлықақыларын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3750 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2016 жылдың 16 сәуірінде № 15 (5451), "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 26 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі А. Шалмаганбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Нұра аудандық мәслихатының

      хатшысы

      _______________ Т.Х. Оспанов

      "___" _____________ 2020 жыл

  Нұра ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 17/01
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 17.02.2023 № 06/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      үйде қызмет көрсетілетін бөлімшесінің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, барлық атаулардың әлеуметтік қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының басшысы, жұмыспен қамту орталығының мамандары.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркем басшысы, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сектор басшысы, кітапханашы, библиограф, бас есепші, есепші, экономист, редактор, дыбыс режиссеры, хореограф, музыкалық басшы, аудармашы, концертмейстер, инспектор, компьютерлік техниканың операторы, барлық атаулардың техниктері, хатшы, барлық атаулардың суретшісі, мәдени ұйымдастырушы, балетмейстер, хормейстер, дирижер, барлық атаулардың әдіскері, кітапхана меңгерушісі, программист, ауылдық маңызы бар бөлімнің басшысы.

      3. Спорт мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, нұсқаушы-спортшы.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах, а также указанных специалистов, работающих в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов Нуринского района

Постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 23 июня 2020 года № 17/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 24 июня 2020 года № 5898.

      Сноска. Заголовок постановления - в редакции постановления акимата Нуринского района Карагандинской области от 17.02.2023 № 06/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах, а также указанных специалистов, работающих в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов Нуринского района, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, согласно приложению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления акимата Нуринского района Карагандинской области от 17.02.2023 № 06/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Нуринского района от 17 марта 2016 года № 08/03 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов, за счет средств районного бюджета" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3750, опубликованное в районной газете "Нұра" от 16 апреля 2016 года № 15 (5451), в информационно-правовой системе "Әділет" от 26 апреля 2016 года).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Нуринского района А. Шалмаганбетов

      СОГЛАСОВАНО

      Секретарь

      маслихата Нуринского района

      ______________ Оспанов Т.Х.

      2020 год "___" _____________

  Приложение
к постановлению
акимата Нуринского района
от 23 июня 2020 года
№ 17/01

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах, а также указанных специалистов, работающих в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов Нуринского района

      Сноска. Приложение – в редакции постановления акимата Нуринского района Карагандинской области от 17.02.2023 № 06/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Должности специалистов социального обеспечения:

      заведующий отделением надомного обслуживания, консультант по социальной работе, социальные работники всех наименований, руководитель центра занятости, специалисты центра занятости.

      2. Должности специалистов культуры:

      руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия, художественный руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия, руководитель сектором государственного учреждения и государственного казенного предприятия, библиотекарь, библиограф, главный бухгалтер, бухгалтер, экономист, редактор, звукорежиссер, хореограф, музыкальный руководитель, переводчик, концертмейстер, инспектор, оператор компьютерной техники, техники всех наименований, секретарь, художник всех наименований, культорганизатор, балетмейстер, хормейстер, дирижер, методист всех наименований, заведующий библиотекой, программист, руководитель отдела сельского значения.

      3. Должности специалистов спорта:

      руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия, инструктор-спортсмен.