Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 17.02.2023 № 06/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін алатын мамандардың лауазымдар тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 17.02.2023 № 06/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 08/03 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық айлықақыларын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3750 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2016 жылдың 16 сәуірінде № 15 (5451), "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 26 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауданының әкімі | А. Шалмаганбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Нұра аудандық мәслихатының
хатшысы
_______________ Т.Х. Оспанов
"___" _____________ 2020 жыл
Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 17.02.2023 № 06/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
үйде қызмет көрсетілетін бөлімшесінің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, барлық атаулардың әлеуметтік қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының басшысы, жұмыспен қамту орталығының мамандары.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркем басшысы, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сектор басшысы, кітапханашы, библиограф, бас есепші, есепші, экономист, редактор, дыбыс режиссеры, хореограф, музыкалық басшы, аудармашы, концертмейстер, инспектор, компьютерлік техниканың операторы, барлық атаулардың техниктері, хатшы, барлық атаулардың суретшісі, мәдени ұйымдастырушы, балетмейстер, хормейстер, дирижер, барлық атаулардың әдіскері, кітапхана меңгерушісі, программист, ауылдық маңызы бар бөлімнің басшысы.
3. Спорт мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, нұсқаушы-спортшы.