Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Жараспай ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Құстар арасынан жоғары патогенді құс тұмауы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Жараспай ауылының аумағында карантин тоқтатылсын.
2. Жараспай ауылы әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 "Жараспай ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6045 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 28 қыркүйекте электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жараспай ауылының әкімі | Б. Билялов |