Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының әкімінің 02.11.2020 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Изенді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Құстар арасынан жоғары патогенді құс тұмауы ауруының анықталғанына байланысты Изенді ауылының аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Изенді ауылының әкімі | С. Бердешова |