Изенді ауылының аумағында карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қарашада № 6065 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Изенді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Құстар арасынан жоғары патогенді құс тұмауы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Изенді ауылының аумағында карантин тоқтатылсын.

      2. Изенді ауылы әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 "Изенді ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6043 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 28 қыркүйекте электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Изенді ауылының әкімі С. Бердешова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады