Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Кертінді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жылқы малдары арасынан ринопневмония ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Қызылтал ауылдық округі аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Кертінді ауылы әкімінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 2 "Қызылтал ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5855 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 маусымдағы № 23 (5670) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 4 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кертінді ауылының әкімі | Г. Хасенов |