Қызылтал ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылының әкімінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 тамызда № 6015 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Кертінді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жылқы малдары арасынан ринопневмония ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Қызылтал ауылдық округі аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Кертінді ауылы әкімінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 2 "Қызылтал ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5855 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 маусымдағы № 23 (5670) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 4 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кертінді ауылының әкімі Г. Хасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады