Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 31.10.2023 № 12/110 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының №262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы №5 (7385) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақтын 7) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7) адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру бар балалар, 18 жасқа толмаған жетім және мүгедек балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;";
12 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:
табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарын жоюға – 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
ауыр материалдық жағдайға байланысты - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
аурудың ауыр түріне шалдыққан кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
құжаттауға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
авария жайдайдағы тұрғын үйді жөндеуге - 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
әлеуметтік маңызды ауру тұлғаларға (туберкулез, жұқтырылған имунн тапшылығының синдромы, онкологиялық ауруларға) стационарда емделу кезеңіне және емделу мекемесіне баруына және қайтуына - 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
хронодиализде тұратын тұлғаларға – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
Осакаров ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға – ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында тамақтануға төлемнен 50% мөлшерінде, бір рет;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру бар балаларға – 2 есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Ревякина |
Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы | К. Саккулаков |