Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бойында қардан қорғау қоршауларын орнату үшін, 1 - санат "Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы" учаскесі "Нұр-Сұлтан-Теміртау" 1366-1371 километр ауданы 2,4 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 жыл мерзімге жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қарағанды облысы Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын мәселелер бойынша шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Н. Кобжанов |