Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 15.11.2021 № 46/1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы:
1) Ұлытау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы "Ұлытау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 31/02 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5510 болып тіркелген, "Ұлытау өңірі" № 46 (6223) газетінде 2019 жылғы 9 қараша, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2019 жылғы 30 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау ауданының әкімі | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірі |
|
№ 9/5 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (%) қызметкерлердің тізімдік санынан | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 20 | 1 | 1 |
2 | "Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 80 | 1 | 1 |
3 | "Ұлытау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 50 | 1 | 1 |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 9/5 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (%) қызметкерлердің тізімдік санынан | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары ның саны |
1 | "Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 20 | 1 | 1 |
2 | "Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 80 | 1 | 1 |
3 | "Ұлытау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 50 | 1 | 1 |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 9/5 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (%) қызметкерлердің тізімдік санынан | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 20 | 1 | 1 |
2 | "Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 80 | 1 | 1 |
3 | "Ұлытау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 50 | 1 | 1 |