Қазақстан Республикасының "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ұлытау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұлытау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау ауданының әкімі | С. Медебаев |
Ұлытау ауданының әкімдігі 2021 жылғы 15 қарашадағы № 46/1 Қаулысына қосымша |
Ұлытау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Ұлытау ауданының әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" Ұлытау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 02/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-77 болып тіркелген).
2. "Ұлытау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Ұлытау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 9/5 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5782 болып тіркелген).
3. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Ұлытау ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 9/6 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 болып тіркелген).