Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 тамыздағы ІІІ сессиясының № 35 "Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3953 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 10 қыркүйектегі №37 (6060) "Ұлытау өңірі" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Актаев |
Мәслихат хатшысы | Т. Сейтжанов |