Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 тамыздағы № 35 "Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 404 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 6114 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 тамыздағы ІІІ сессиясының № 35 "Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3953 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 10 қыркүйектегі №37 (6060) "Ұлытау өңірі" аудандық газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Актаев
      Мәслихат хатшысы Т. Сейтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады