Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына және 2019 жылғы 12 қыркүйектегі Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ұлытау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округіндегі Ұлытау селосының атауы жоқ көшесіне Қаныш Нұртазинов атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Улытау ауылдық округінің әкімі | Т. Абжаппаров |