Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Шет аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы XXI сессиясының "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 21/180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4762 тіркелген, 2018 жылдың 24 мамырында "Шет Шұғыласы" № 22 (10694) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 мамырда жарияланған) шешімі;
2) Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы XXIV сессиясының "Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 21/180 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 24/208 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4985 тіркелген, 2018 жылдың 25 қазанында "Шет Шұғыласы" № 44 (10 716) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 29 қазанда жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | Г. Тусупова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Тулеукулов |