Шет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/365 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 5924 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Шет аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы XXI сессиясының "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 21/180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4762 тіркелген, 2018 жылдың 24 мамырында "Шет Шұғыласы" № 22 (10694) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 мамырда жарияланған) шешімі;

      2) Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы XXIV сессиясының "Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 21/180 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 24/208 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4985 тіркелген, 2018 жылдың 25 қазанында "Шет Шұғыласы" № 44 (10 716) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 29 қазанда жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы Г. Тусупова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады