Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2020 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Приозерск қаласының әкімі | К. Камзин |
қаулысына қосымша |
Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2020 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
Мемлекеттік | Мемлекеттік | Мемлекеттік | ||
1. | Бөбекжай | 498 |
1 жастан - 3 жасқа дейін - 11 000 теңге | 48324 |
2. | Мектепке дейінгі шағын орталық | 110 |
1 жастан - 3 жасқа дейін - 11 000 теңге | 45125 |