Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/19 "Приозерск қаласының жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3811 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 06 маусымада және 2016 жылы 03 маусымда № 22/458 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Дюсембаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |