Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/19 "Приозерск қаласының жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/399 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 5927 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/19 "Приозерск қаласының жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3811 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 06 маусымада және 2016 жылы 03 маусымда № 22/458 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дюсембаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Сарсембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады