Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі – 26 670 000 000 (жиырма алты миллиард алты жүз жетпіс миллион) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты - Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру.
2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |